ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижелері

12 Қаңтар 2021, 10:58
1397
Бөлісу:
ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижелері

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігіне тоқталды. 

Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы осы конституциялық заңның 8-бабының 4-тармағына сәйкес партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде саяси партияның басшы органы алынған депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындамаған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен партия алған депутаттық мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тіркелген тізімдерге сай жүзеге асырылады, - деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижелері төмендегідей:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – 298 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 84,90%

Амирханян Аветик Рубенович – 270 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 76,92%

Буларов Ильяс Юсупович – 274 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,06% 

Дементьева Наталья Григорьевна – 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 83,19% 

Ли Юрий Виссарионович – 282 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 80,34% 

Набиев Вакиль Гусейнович – 285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 81,19% 

Осин Шамиль Абзалетдинович – 271 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 77,20%  

Тохтасунов Владимир Имтахунович – 277 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,91% 

Хамедов Абилфас Муслимович – 290 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 82,62% 

Айта кетейік, бұған дейін Петров Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындыларына тоқталған болатын.


Өзгелердің жаңалығы