ҚХА мүшелері Мәжілісте үкіметтен мемлекеттік телеарна ашып беруді сұрады

1 Қазан 2019, 09:46
1746
Бөлісу:
ҚХА мүшелері Мәжілісте үкіметтен мемлекеттік телеарна ашып беруді сұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаттары этникалық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту мәселелерін талқылады. 

Кейбір депутаттар еліміздегі әр түрлі этностардың жеке телеарнасын ашу, өзбек, ұйғыр тілдерінде жазатын журналистерді дайындау қажет деген ой айтты.

Мысалы, «Қазақстандағы орыс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестінің төрағасы, ҚХА мүшесі Всеволод Лукашев елімізде түрлі этнос өкілдерінің мәдени бірлестіктері туралы ақпараттар аз. БАҚ өкілдері насихаттамай отыр деп санайды. 

«Бізге мемлекеттік теларна қажет. Орта және аға буын өкілдері үшін ақпарат алудың ең басты құралы әлі де болсын телеарна болып қала бермек. Мемлекет естіп ғана қоймай, өзінің де үнін шығару керек. Радио және теледидардағы хабарлар арқылы қарапайым халықтың өмірін түсінікті тілде жеткізу тиіс», - дейді Лукашев.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі республикада мемлекеттік тілдің болашағына алаңдаудың қажеті жоқ деген пікір білдірді. Өйткені, тәуелсіздік жылдарында қазақ тілінде кемі 20 жыл қатарынан мектеп түлектері бітіріп шыққан деп отыр.

Оның айтуынша, жас буын мемлекеттік тілді білуде қиналмайтын болса, орта және аға буын үшін қазақ тілін үйренуге жас шамасы кедергі келтіреді. Сондықтан олар ақпараттан құр қалып отыр.

«ҚХА-ны жақсы жағынан көрсетіп, этностардың имиджін қалыптастыру үшін екі тілде насихаттау керек. Сол үшін үкіметтен мемлекеттік телеарна ашуды сұраймыз немесе қаржы қарастырып берсін», - дейді қоғамдық бірлестік басшысы.

Жиынға қатысқан ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитетінің төрайымы Ләззат Сүйіндіктің айтуынша,  Қазақстанда 52 этникалық БАҚ тіркелген. Олар 12 тілде ақпарат таратады. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға солардың бесеуі тартылып отыр. 

Бірақ депутат Сауытбек Абдрахманов әріптестерінің ұсыныстарына қарсы шықты. Ол жеке телеарна ашу, журналистика факультеттерінде өзбек, ұйғыр тілдерінде маман дайындаудың қажеті жоқ екенін айтты.

«Жаңа арна ашу жөнінде де айтып жатыр. Мен өз басым журналист ретінде бұрын осы саланың басшылығында еңбек еткен азамат ретінде мынандай прагматизим кезеңде арнауы достыққа арналған, таңертеңнен кешке дейін бір тақырыпты жырлайтын арна ашудың еш қажеттігі жоқ деп санаймын. Оның орнына дәстүрлі арналарда осы контентті күшейту керек», - дейді Сауытбек Абдрахманов.


Өзгелердің жаңалығы