ҚХА карантин уақытында қайырымдылық істерін жалғастыруда

2 Мамыр 2020, 12:12
1816
Бөлісу:
ҚХА карантин уақытында қайырымдылық істерін  жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан халқы Ассамблеясы карантин уақытында қайырымдылық істерін жалғастыруда. Бұл тураы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы "Хазар" әзірбайжан этномәдени орталығы мерекені сезінуге мүмкіндік алуы үшін әр ұлттың аз қамтылған отбасылары, тыл ардагерлері, жалғызбасты және көпбалалы аналарға, барлығы 20 отбасына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Себет әзірбайжан шах-палауы мен азық-түліктерді қамтыды, - делінген хабарламада.
Акция ұйымдастырушылары тізімге сәйкес мерекелік сыйлықтар таратты. Елордалық ҚХА-ның меценаттары мұқтаж жандарға үнемі көмек көрсетеді. Бұл жұмысты 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде ашылған "Парасат" қайырымдылық көмек көрсету орталығы үйлестіреді.

Айта кетейік, биыл тек бірінші тоқсанда жалпы сомасы 4 миллион 200 мың теңгеге бірқатар акция өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы