ҚХА еріктілері тұжырымдамаларын таныстырды

17 Қаңтар 2020, 18:29
1819
Бөлісу:
ҚХА еріктілері тұжырымдамаларын таныстырды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер орталығы бірыңғай ашық есік күнін өткізді.

Іс-шара барысында еріктілердің мақсаттары мен міндеттері туралы Тұжырымдаманың таныстырылымы өтті.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара Волонтерлер жылы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өткізіліп отыр.

Алматы ҚХА мүшесі, "Жаңғыру жолы" РМҚ Алматы қалалық филиалының өкілі Рустам Кайрыев волонтерлер жылында ҚХА-да тыс қалмағанын айтады.

Мемлекет басшысы 2020 жылды Волонтерлер жылы деп қабылдаған соң біз Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысымен келісе отырып өз тұжырымдамызды жасадық. Біздің еріктілер Жастар жылында да қоғамға пайдалы істермен айналысты, биыл да өз үлесімізді қосамыз. Дегенмен қаладағы волонтерлік ұйымдардың басын қосатын мұндай шаралар жастардың бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуіне септігін тигізеді,-дейді ол. 

Сондай-ақ жиын барысында Алматы ҚХА мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Жаңғыру жолы" РМҚ Алматы қалалық филиалы, Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры, "Жас Отан", G39, "Еріктілер лигасы" ҚҚ өкілдері Волонтерлер жылында атқарылатын жұмыстарының бағдарламасын таныстырды.

Аталған шараны Алматы қаласы әкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы