Төтенше жағдай кезінде әкімшілік ғимаратын казиноға айналдырғандар ұсталды

27 Сәуір 2020, 19:29
1720
Бөлісу:
Төтенше жағдай кезінде әкімшілік ғимаратын казиноға айналдырғандар ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР Ұлттық ұланының "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшесінің көмегімен елдегі төтенше жағдай мен Алматы қаласындағы карантин режимі уақытында жұмыс істеген заңсыз ойын мекемесін әшкереледі.

Жедел-іздестіру іс-шарасы 2020 жылғы сәуірдің 24-інен 25-іне қараған түні өткізілді. Нәтижесінде ведомстволардың қызметкерлері қаланың орталығында орналасқан әкімшілік ғимаратта құмар ойындарына қатысқаны үшін қатысушылар қатарынан 30-дан артық келуші мен персонал ұсталды. Құмар ойындары өтетін орынға кіру үшін арнайы өткізу жүйесі әрекет еткен. Ол бойынша ішке тек тұрақты келушілер ғана кіре алатын болған. Аумағы 1000 шаршы метрден асатын казино ішінде тінту іс-шараларын жүргізу барысында покер мен америкалық рулеткаларға арналған 6 үстел, көптеген ойын карталары мен фишкалар, сондай-ақ бір күндік заңсыз әрекеттен түскен ірі мөлшердегі ақшалай қаражат алынды - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Заңсыз ойын мекемесін ұйымдастыру фактісі бойынша ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жасырын казиноға" қатысқан адамдардың барлығына қатысты төтенше жағдай режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Өзгелердің жаңалығы