Кез келген өзгерістер қаржыландыру көзіне ие болуы керек - сарапшы

6 Мамыр 2020, 19:10
1814
Бөлісу:
Кез келген өзгерістер қаржыландыру көзіне ие болуы керек - сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан сарапшылар клубының пікірталас алаңында Зерттеулер және консалтинг (CRC) орталығының сарапшысы Әнуар Боранбаев елдегі модернизация мен жүйелі реформаларды жүргізу туралы айтты.

Қазақстан үшінші жаңғыру кезеңінде тұр. Неге үшінші жаңғыру? Егер де Тәуелсіз Қазақстанның тарихына үңілсек, өткен кезеңде екі жаңғыруды байқауға болады. Бұл 90 жылдар немесе бірінші жаңғыру. Ол кездегі басты мақсат – егемендікті сақтап, Қазақстанды әлемнің картасында бекітіп алу еді. Кез келген өзгерістер қаржыландыру көзіне ие болуы керек. 90 жылдарындағы басты қозғаушы күш әртараптандыру болды, - дейді Әнуар Боранбаев.

Оның айтуынша, тоқсаныншы жылдардан бастап еркіндік уақытымен бірге ең жылдам құрылымдық реформалардың жүзеге асырылған.
Сол кезде біз күрделі экономикалық көрсеткіштердің құлдырауын бастан кешірдік. Бұл уақыт еркін мен құрылымдық реформалар кезі болды.1998 жылғы азиялық дағдарыстан кейін екі мыңыншы жылдарға аяқ бастық. Көмірсутектердің бағасы сол уақытта қымбаттап, мемлекет аяғынан нық тұрды. Елімізде ресурстар пайда болып, модернизацияның екінші кезеңіне аяқ бастық. Ол кезеңде елдің дамуына басымдық бердік, оның негізгі драйвері ретінде табиғи ресурстарды айтуға болады, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, сол жылдары Қазақстан Азия елдері арасындағы барысқа айналды. Ал 2010 жылдардың ортасына қарай бұл модель өзін жоғалтты. 
Одан әрі не болады деген сұрақ туды. Бұл мәселе 2000 жылдары да айтылып жүрді.Мемлекеттік құжаттардың көбі білім экономикасын құруға талпынғанымызды дәлелдей түседі. Ол мақсатпен жүрсек, табиғи ресурстардан бұрын креативті білім мен адамдардың ақылы негізгі құндылыққа ие болады. Мұндай жағдайда адами капиталы – басты драйверге айналуы керек. Адами капитал жеке, әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатты арттыратын құрал, - дейді Әнуар Боранбаев.
Өзгелердің жаңалығы