Кез келген өзгеріс халқымыздың тұрмысын жақсартуы үшін жасалуы керек – Тоқаев

16 Қараша 2021, 15:55
825
Бөлісу:
Кез келген өзгеріс халқымыздың тұрмысын жақсартуы үшін жасалуы керек – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Ұлттық кеңестің отырыстарында сан түрлі бастама көтерілді. Олар жан-жақты талқыланды. Елге қажет нақты ұсыныстар, реформаларға ұласты. Ұлттық кеңестің реформаларын жүзеге асыру үшін 90-нан астам нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Оның ішінде Жарлық, заңдар мен Үкімет қаулылары, министрлік бұйрықтары бар. Осыдан-ақ Ұлттық кеңестің тиімді жұмыс атқарып жатқанын көруге болады. Кеңес өз қызметін инклюзивті ашық және жүйелі жүргізіп келеді. Оның мүшелері өңірлерге шығып, ел ішіндегі белсенді азаматтармен жиі кездесіп жүр. Осылайша, халықпен жиі сөйлесу жүргізіп жүр, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелеріне азаматтық ұстаным мен елді жан-жақты жаңғыртуға арналған жеңісті жұмысы үшін ризашылығын жеткізді.

Біздің мақсатымыз – барлық саланы жаппай реформалау емес. Мағынасыз диалогтың да ешкімге қажеті жоқ. Кез келген өзгеріс халқымыздың тұрмысын жақсартуы үшін жасалуы керек. Мемлекеттігімізді нығайтып, әлеуетті арттыруды көздейтін ұсыныстарды ғана жүзеге асырған жөн. Бұл – мен үшін айқын ұстаным. Ұлттық кеңес жұмысының алғашында қаншама күдік пен күмән болды. Реформа түбегейлі өзгеріс әкелмейді, үстіртін жасалады деген пікірлер болды, - деді ол.

Президент жұмыс нәтижесі мұндай пайымның қате екенін көрсеткенін айтты.

Кеңес екі жыл ішінде өзінің тиімді жұмысын көрсетті. Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы артты. Оңтүстіктен солтүстікке көшу кезінде берілетін субсидиялар артты, - деп Президент осы сынды жетістіктерді тізіп берді.


Өзгелердің жаңалығы