«Кейде заңның күші жетпейді». Сарапшы зорлық-зомбылық жайлы

18 Қазан 2023, 18:21
1548
Бөлісу:
«Кейде заңның күші жетпейді». Сарапшы зорлық-зомбылық жайлы
Фото: © Pixabay.com

Орталық Азия бойынша БҰҰДБ «Жарық сәулесі» аймақтық бағдарламасының кеңесшісі Хуан Беликов тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңның көп екенін, алайда заңды сиқырлы емес екенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Спикердің айтуынша, қоғамға зорлық-зомбылық жайлы ақпаратты жан-жақты жеткізу керек.

Бұл - маңызды мәселе. Криминализация әлеуметтік көзқарас пен нормалардың өзгеруіне ықпал ете отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алады. Екіншіден, заңдастыру - заң бар және ол кез келген жағдайдағы ең маңызды және басты құрал екені анық. Бұл жерде жазаның ауырлығы қылмысты тежеу құралы екенін ұмытпауымыз керек. Қазіргі таңда адамдарда құқықтық жауапкершілік қалыптасып келеді. Нәтижесінде құқықтық база түсінігі еніп, әр адам өз ісіне жауап бермек - деді Хуан Беликов.

Беликов криминализация қоғамды шамадан тыс тәуелділікке итермелеуі мүмкін екенін айтады.

Біз заңды сиқырлы күш деп қарастырмауымыз керек. Мәселен, заң жалпылама жазылады, түсініспеушілік туындайды және іс туындаған сайын толықтырылып, өзгеріп отырады . Кейде заң бар, бірақ ресурс жетпей жатады. Ал ресурс болмаса, заң да болмайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы