Кейбір ел біздің ПТР база мен Ashyq-ты интеграциялау тәжірибемізге қызығып отыр – Мусин

12 Шілде 2021, 19:22
4274
Бөлісу:
Кейбір ел біздің ПТР база мен Ashyq-ты интеграциялау тәжірибемізге қызығып отыр – Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір кейбір елдер біздің ПТР база мен Ashyq-ты интеграциялау тәжірибемізге қызығушылық танытып отыр, деп Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Пандемияға қарамастан, бизнестің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет болған еді, бірақ карантиндік шектеулер бәрімізді тығырыққа тіреді. Десек те бұл мәселенің шешімі табылды. Алғашында бұл шешімге көбі күдікпен қараса да, Ashyq-тың арқасында экономикалық жағдай жөнделіп, бизнес біртіндеп қайта жанданды, ал толық локдаунда үйде қамалып отырған адамдар сыртқа шығып, еркін жүруге мұрсат алды, - деп жазды министр. 

Жиналыстардың бірінде жобаны Ералы Лұқпанұлы қолдап, кейін Президент оның аясын кеңейтуге жол ашты.

Қарапайым азаматтардың ғана емес, кәсіпкерлердің арасында да жобаға күдікпен қараған кісілер болды. Бірақ уақыт өте келе бизнестері мен клиенттерінің қауіпсіздігіне бағытталған жобаға оң баға беріп, ризашылығын білдіріп жатқандардың қарасы көбеюде. Әрине кейбір кәсіпкерлер Ашық жүйесін қолдану ережесін бұзып, өздеріне де, жұмысшылары мен клиенттерін де қауіп төндіріп жатыр, алайда бұл мәселені «Атамекен» ҰКП жіті қадағалауға алды, - деді ол. 

Қазір Қазақстанда Ashyq жүйесі арқылы 15 000 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр.

 

Қазір кейбір елдер біздің ПТР база мен Ашықты интеграциялау тәжірибемізге қызығушылық танытып отыр. Расын айтқанда, біз сияқты ПТР зертханалар мен вакциналау орындарынан мәліметтерді онлайн жинап, ковидке қатысты жағдайды әп-сәтте сараптай алатын елдер некен-саяқ. Қазір Қазақстанда Ashyq жүйесі арқылы 15 000 кәсіпкер жұмыс істеп жатыр және бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді, - деп жазды Мусин.

 


 

Өзгелердің жаңалығы