Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін алты ай мерзімге әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Қазақстанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №611 бұйрығымен отандық ағаш өңдеу кәсіпорындарын қолдау, ішкі нарықты шикізатпен толықтыру және Қазақстанның орман қорын сақтау үшін кейіннен мерзімін ұзарта отырып, ел аумағынан алты ай мерзімге ағаш материалдарын (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінен тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге тыйым салу енгізу туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында орман аз (ел аумағының 11% орманмен жабылған (13,3 млн.га), оның 4,9% ормандылығы құрайды). Өңделмеген ағаш материалдарының Қазақстанға негізгі жеткізу Ресей Федерациясынан жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау ресейлік өңделмеген ағаш материалдарын (домалақ ағаш) Қазақстан аумағынан әкетуге де тыйым салады.
Бұйрықты қабылдау кезінде нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаудың барлық ережелері сақталды:
- Бұйрық жобасы сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылды;
- мүдделі органдар мен ұйымдарға келісу үшін жіберілді;
- аккредиттелген ұйымдармен келісілді;
- НҚА ашық порталында жарияланды;
- қоғамдық кеңестің оң қорытындысы алынды.