"Кей жерде бұршақ жауады": Үш күнге арналған ауа райы болжамы

<h4>Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.</h4>

 7 Тамыз 2020 2020, 16:17
7 Тамыз 2020 2020, 16:17
2712

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы үш күн ішінде Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік циклон өтеді, онымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста кей жерде қатты нөсер жаууы ықтимал. Кей жерде дауыл тұрып, бұршақ жауады. Тек еліміздің шығысында күн райы ашық болады. Еліміздің аумағында жел күшейеді, - делінген хабарламада.

Наверх