Үкімет басшысы Әлихан Смайылов кәсіпорындардағы ластағыш заттарды үнемі бақылап тұру үшін мониторинг жүйесі енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында және кәсіпорындардың заманауи шешімдерін енгізуде ең үздік технологиялық анықтамалықтар бекітілді. Мұндай технологияларды қолдану қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерді азайтады. Анықталған экологиялық проблемалардың негізінде мәселені кешенді шешу бойынша өңірлік жол карталары мен табиғат қорғау іс-шараларының жоспарлары әзірленді,- деді Әлихан Смайылов.
Премьер-министрдің сөзінше, қоршаған ортаны ластамау, қалдық-қоқыстарды шығару бойынша әлі шешілмеген өзекті мәселелер бар.
Атмосфераның ғана емес, су ресурстарының да ластану фактілері бар. Кейбір кәсіпорындар өзендер мен көлдерге қалдықтарды рұқсатсыз төгуде. Компаниялардың заңсыз әрекеттеріне халықтан түсетін шағым көп. Су ең құнды ресурс, біз оны қорғауға міндеттіміз, - деді Смайылов.