Елімізде болып жатқан түрлі апатты жағдайларда жиі қойылатын "Біргеміз" әнінің авторы Сырым Әуезхан халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтыскер, ақын Сырым Әуезхан әлеуметтік желідегі парақшасында "Біргеміз" әні үшін кешірім сұрап, елдің рухын көтеретін жаңа ән жазатынын жеткізді.
Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естіген сөзім осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар, - деді ол.