Кеше жол апатынан 13 адам қаза тапты

18 Шілде 2022, 16:44
1672
Бөлісу:
Кеше жол апатынан 13 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты. 

Жүргізушілердің салғырт қарым-қатынасы мен қателіктері, сондай-ақ олардың жол жүру қағидаларын бұзу салдарынан жарты жыл ішінде еліміздің жолдарында 6000-нан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1000-ға жуық адам қаза тапты, 8000-нан астам адам жарақат алды. Өткен тәуліктің өзінде еліміздің жолдарында 47 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 адам қаза тауып, 55 адам әртүрлі дене жарақатын алды, - деді ол. 

Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушылардың барлығына әсіресе қалааралық және өңіраралық қатынас жолдарында жол жүру ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертті. Сонымен қатар, жақында орын алған бірнеше жол-көлік апаттарын мысалға алып, салдарымен бөлісті. 

16 шілдеде Қарағанды облысы тұсындағы тасжолда шаршаған жүргізуші Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусын басқаруды өзінің кәмілетке толмаған туысына тапсырған. Ол басқару жүйесіне ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, MAN автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Нәтижесінде, кәмілетке толмаған микроавтобус жүргізушісімен оның 7 жолаушысы қаза тауып, 9 жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - деді комитет төрағасының орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы