Кеше 8 адамнан коронавирус анықталды

26 Сәуір 2022, 08:05
1001
Бөлісу:
Кеше 8 адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі 25 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі эпидемиологиялық ахуал туралы мәліметті жариялады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 жағдай тіркелді. Кешегі күнмен салыстырғанда, жұқтырғандар саны азайды.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 473 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 1,

Алматы қаласында — 4,

Алматы облысында — 1,

Шығыс Қазақстан облысында — 1,

Павлодар облысында — 1.

Өзгелердің жаңалығы