Кесек жеймін деп кеселге душар болмаңыз!

16 Қаңтар 2024, 17:17
1723
Бөлісу:
Кесек жеймін деп кеселге душар болмаңыз!
Фото: dzen.ru

Қазір кесек жеуге құмар адамдар қатары көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.

Оның себебін ағзаға кальций жетіспегендіктен деп түсіндіреді. Расымен дәрумен жетіспеген адам топыраққа құмар келе ме, мамандар қандай кеңес береді?

Ғылым не дейді?

Осы саланы зерттейтін ғылымды геофатия деп атайды. Ғылыми тұрғыдан қарағанда топырақтың құрамында кремний элементтері көп. Сондай-ақ оның құрамында марганец, темір сынды әлементтер жоғары.

Әлем не дейді?

Кесекті Африкалықтардың көбісі құрамында топырағы бар тағамдарды жесе, Индонезияда арнайы асқа кірпіш пен топырақты пайдаланатындар бар көрінеді. Ал Египет, Қытай, Үндістанда оны аурудан айықтыратын дәрі ретінде пайдаланады екен. Тіпті саз балшық пен кесекті дәстүрлі медицинада пайдалану туралы докторлық диссертация қорғағандар бар.

Қандай түрлері бар?

Кесектің қазір нарықта үш түрі бар. Ақ-сұр, көк және қызғылт. Көп адам тұтынатыны ақ-сұр түрі. Бұлардың әрқайсысының дәмі де әртүрлі болып келеді. Мысалы ақ-сұр түсті кесектердің дәмі жақсы, ал қызғылт түсті кесектер жабысқақ болып келеді. Бастысы кесек ағзадағы көптеген қоректік заттардың жетіспеушілігін толтырады мыс.

Мамандар не дейді?

Мамандар кесек жеудің пайдасымен қатар зияны да қатар жүретінін айтады. Бірақ оны орнымен, аз мөлшерде қолдану арқылы бірнеше аурулардың алдын алуға болады. Мысалы омыртқа аурулары мен асқазан жарасын, әйел адамдарға гинекологиялық ауруларын емдеуде көмектеседі. 

Сондай-ақ суық тигенде, қуық ауруларында, жүйке жүйесінің ауруларында көмегі тиеді. Ең бастысы паразиттерді денеден шығаруға жәрдемдеседі.Дегенмен мамандар кесекті шамадан тыс қолдану туберкулез, бүйрек ауруы, тахикардия, остеопороз сынды аурулардың өршуіне әкеліп соғатынын айтады. 

Ал жүкті әйелдерге бұл өнімді мүлдем тұтынбаған жөн. Оның орнына адам ағзасы дәрумендерді қажет ететін кездерде дәруменге бай жемістерді жеп, қажет болғанда дәрумендерді қабылдау керек.

Қалай қоямын?

Кесек жеу де тәуелділікке алып келеді, яғни қайта-қайта жегін келіп тұрады. Одан арылудың жолы қандай?

Алдымен дәріханадағы кальций глюканаттармен орнын алмастырып көріңіз. Егер оған басылмай жатса, кесектің орнына құрт жеуді әдетке айналдырыңыз. 

Егер өз қалауыңызды жеңе алмасаңыз, дәрігер көмегіне жүгінуге кеңес беремін. Себебі бұл алаңдаушылық тудыратын мәселе.

Өзгелердің жаңалығы