Әлемдегі ең керемет аралды білесіз бе?

4 Қазан 2019, 14:59
5326
Бөлісу:
Әлемдегі ең керемет аралды білесіз бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Big 7 Travel туристік онлайн-сервисі саяхаттауға болатын әлемдегі ең жақсы аралдардың рейтингісін әзірледі. Саяхаттап барып келушілердің пікірлеріне сүйене отырып жасалған материал Independet баспасында жарияланған.

Сонымен, үздік аралардың ондығын Исландияның солтүстік-батысында орналасқан және оның құрамына кіретін кішігірім ғана Флатей аралы бұл тізімде көш бастап тұрғаны белгілі болды. Ұзындығы 19 шақырым болатын аралда бар болғаны алты адам өмір сүреді.

Екінші орында Оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан филиппиндік Палаван аралы. Оның ауданы шамамен 12 мың шаршы метрге жетеді. Үшінші орында – Вануату мемлекетінің ең ірі аралы Эспириту-Санто, ал төртінші орынды материкке көпір арқылы қосылған норвегиялық Соммарей аралы иеленген.

Осылайша, рейтингтегі үздік ондыққа хорваттардың Корчула аралы, Ирландиядағы Аран аралдары, Занзибардағы Пемба аралы, аралда орналасқан Барбадос мемлекеті, Вашингтон штатындағы Лумми аралы және Француз Полинезиясындағы Бора Бора аралы кіргені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы