Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер кестеге сәйкес беріле бастайды

10 Наурыз 2020, 14:57
1696
Бөлісу:
Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер кестеге сәйкес беріле бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 10 наурыздан бастап АӘК алатын отбасылардың 1 мен 6 жас аралығындағы балаларына азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары беріле бастайды.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы "Магнум" ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі. Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік көмек 4,4 мыңнан аса баланы қамтиды. Олардың ата-аналары осы жылдың қаңтар-ақпан айларында АӘК алу жөнінде өтініш берген болатын. 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған әлеуметтік көмекке азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары кіреді. Бұл жиынтық аз қамтылған отбасыларындағы әр балаға тоқсанына бір рет беріледі.
Қазіргі уақытта дүрлікпе мен кезектердің алдын алу мақсатында елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасы кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алушылардың тізімін жасады. Әлеуметтік пакеттер ай сайын кесте бойынша беріледі. Әрбір беру пунктінде жауапты тұлғалар бекітілген. Әлеуметтік пакетті алушылар өз ЖСН-ді сайтта енгізіп, тізімде бар-жоғын тексере алады, - делінген ақпаратта. 

Олардың аты-жөні күн сайын алфавиттік тәртіппен жарияланады. Кестеде азаматтардың кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді қашан және қайдан алуға болатыны және азаматтардың супермаркетің қай филиалына бекітілгені көрсетілген. Көмек алушы тізімнен өзін тапқаннан кейін өзі бекітілген Magnum филиалына баруы қажет.  
Өзгелердің жаңалығы