Кентаулық азамат шұлық шығаратын цех ашты

10 Қыркүйек 2020, 13:40
1819
Бөлісу:
Кентаулық азамат шұлық шығаратын цех ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Әлішер Ерметұлы Қарнақ ауылынан "QARNAQ TEXTILE" деп аталатын цехты іске қосты, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бүгінде кәсіпорын әртүрлі жыл мезгіліне арналған шұлықтың 20 жуық түрін жасап дайындап, сатылымға шығаруда. Жақында ғана жұмысын бастаған цех әзірге күніне 200 дана шұлық шығарумен айналысуда.

Кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 4 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға Қытай елінен соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда, дайын өнімді Кентау, Түркістан базарларына шығаруда.

Кәсіпкер нарықта тауарға деген сұраныстың жоғары екенін айтады. Сондай-ақ, өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізілетінін жасырмады. Алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтіп, қажетті заттардың барлығын өздері дайындап шығаруды жоспарлап отыр.

Одан бөлек, цех басшысы жылыжай шаруашылығын да қатар дамытып отыр. Кәсіпкер негізінен қияр мен қызанақ егумен айналысады. Көктем айларында 20 тоннаға жуық қияр өндірген шаруа, күз мезгілінде де осы шамада қызынақ өнімін алуды жоспарлап отыр.
Өзгелердің жаңалығы