Кентауда жауыннан кейін су сору жұмыстары жүргізілуде

Оқиға орнына шамамен 180 адам, 24 мотопомпа және 14 техника тартылған.

 Скриншот Кеше 2026, 23:47
Кеше 2026, 23:47
94
Фото: Скриншот

Түркістан облысының Кентау қаласында қатты жаңбырдан кейін су басқан аумақтарда құтқару жұмыстары жүргізілуде. Кейбір көшелерде жиналған судың деңгейі 10-25 см-ге дейін жеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылып, су сору жұмыстары атқарылуда. Оқиға орнына шамамен 180 адам, 24 мотопомпа және 14 техника тартылған.

Құтқарушылар тұрғындарға көмек көрсетіп, су басу қаупі бар аумақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Су сору жұмыстары жалғасуда.

Наверх