Кентауда 40 мың құсқа арналған фабрика ашылады

4 Наурыз 2022, 18:56
1154
Бөлісу:
Кентауда 40 мың құсқа арналған фабрика ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында құс фабрикасы іске қосылады.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылы жұмысын бастаған «Тажиддинұлы» шағын құс шаруа қожалығы енді мемлекет тарапынан 49 млн несие алып, жұмыс көзін ұлғайтпақ.

Шаруа қожалығы бұрын тек жұмыртқа сатқан болса, енді құс етін қоса өндірмек. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, жұмыс бастауға дайын.

Шаруа қожалығының басым бөлігі ет бағытына арналған. Бұл бағытта «Бройлер росс 308» тұқымынан 40 мың жұмыртқа алып келу жоспарда бар. Бройлер жұмыртқасынан 42 күнде балапан шығады. Алдағы уақытта 250 мың тонна ет өндіріп, жұмыртқасын көбейтіп сатуды жоспарлап отырмыз, - дейді шаруа қожалығының басшысы Әлімхан Абдугаппаров. 

Сонымен бірге фермер келешекте түйеқұс өсіруді де жоспарға енгізген.

Бүгінгі таңда шаруа қожалығы ферма құрылысын аяқтап, жабдықтарды орналастырып қойған. Электр қуатын жеткізу үшін әкімдік тарапынан қолдау берілді. Қосымша трансформатор қойылып, электр қуаты жалғанған. Сыйымдылығы 10 мың дана құсқа арналған инкубаторлар жабдықталуда. Отбасылық құс фермасында 10-ға жуық жұмысшы жұмыспен қамтылмақ. Құс фабрикасын биыл сәуір айында ашу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы