Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласы Қарашық ауылында 2007 жылдан бері шаруашылықпен айналысып жатқан «Бағы-Жахан» шаруа қожалығы бүгінде қарқынды бау-бақшаны дамытуда. Бұл туралы жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.
20 гектар жердің 14 сотттығына жүзім егілсе, қалған жерлеріне алма, өрік, шабдалы жемістерін өсіруде. Шаруақожалықтың төрағасы Шүкірллә Ботаевтың айтуынша, 1 гектар жерден 20-25 тонна жүзім жиналады екен. Жемістің көшеттері Сарыағаш өңірінен әкелінген. Сорты «Қара сұлу» деп аталады.
«Жүзімге уақытында тыңайтқыштар егіледі. Күз мезгілінде жемістердің барлығы жиналып біткен соң тыңайтқыштар сеуіп тастаймыз. Сосын көктемде қайта көгере бастағанда 20 күн сайын дәрлеп тұрамыз», – дейді шаруақожалық төрағасы.
Бұған дейін мақта егіп, кейін 2001 жылдан бастап бау-бақша егумен айналысуды қолға алған. Алдағы уақытта шаруашылықтың көлемін артып, жемістің түрін көбейтуді көздеп отыр. Биылғы жиналған өнімдерді Түркістан облысының аудан-қалаларына, Алматы, Атырау облыстарына жіберілмек. Жиналған жүзімдер өз елімізден артылмайды. Шаруақожалық алдағы уақытта өнімді көбейтіп, шетелге экспорттау жоспарланып отыр.