Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кентау дәмханасындағы жарылыс: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Бөлісу:
 ТЖД
Фото: ТЖД

Түркістан облысы Кентау қаласында кафеде болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде таралды. Оқиғаны жергілікті әкімдік растады.

Оқиға кезінде денесі 90% күйік алған жас жігіт кеше қайтыс болды, - дейді әкімдік.

Айта кетейік, 1 қаңтарда көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болды.

Қайғылы оқиға салдарынан 18 жастағы студент оқиға орнында қайтыс болып, тағы төртеуі түрлі жарақат алды. Олардың екеуі жансақтау жатқызылды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы