Кентау дәмханаларының бірінде 167 адам астан уланды

12 Қазан 2022, 02:47
925
Бөлісу:
Кентау дәмханаларының бірінде 167 адам астан уланды

Түркістан облысындағы дәмханалардың бірінде соңғы екі айда 167 адам астан уланған. Мекеме басшылығына қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kzға сілтеме беріп.

Аталған фаст-фуд орталығы қазір жабық тұр. Жұрт жаппай ауруханаға түскен соң, полиция басқармасы мен СЭС мамандары дәмхананы жоспардан тыс тексергенде нысанның санитарлық құжаты түгілі, аспаздарының медициналық кітапшасы болмай шықты. Бір қызығы, тамыз айында ғана дәл осы дәмханадан тамақ ішкен сегіз адам уланып ауруханаға түскен екен. Бірақ ол кезде бұл жәйт ешкімді селт еткізбеген. Енді полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Ал астан ұшынған 167 адам қазан айының 6-9 аралығында тамақтаныпты, делінген КТК телеарнасының сюжетінде.

Жалпы 145 науқас келіп тіркелді. Оның 98-і ауруханаға жатқызылды. 47 науқас амбулаторлық емге жіберілді. Түркістан қаласына 31 науқас жатқызылды. Кентау қаласына – 67 науқас. Оның ішінде бес жүкті әйел мен 33 бала бар. Бәрінің жағдайы орташа ауырлықта. Бүгін жағдайы жақсарған науқастар үйіне шығарылады, - деді Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.

Өзгелердің жаңалығы