"Кеңседен шығуға болмайды": Әлемдегі ең қатал компания анықталды

3 Сәуір 2025, 20:48
3604
Бөлісу:
"Кеңседен шығуға болмайды": Әлемдегі ең қатал компания анықталды
Фото: жасанды интеллект

Қытайлық Super Deer компаниясының басшылығы қызметкерлердің дәретханада өткізетін уақытын шектеуге кіріскен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Стамотологиялық өнім жасайтын компания еңбек шарттарының тым қатаң болуына байланысты жанжал ортасында қалды. Компанияның ішкі тәртібі туралы құжаттар интернетке тарап, желі қолданушылары Super Deer қызметкерлеріне тіпті түскі үзіліс кезінде де кеңсені тастап шығуға тыйым салынғанын білді. Олар жұмыс орнында қалып, тек тапсырыс берген тамағын жеуге міндетті.

Ережені бұзғандар түрлі жазаларға тартылады, соның ішінде кеңсені тазалау да бар. Бұдан бөлек, жұмыс уақытында телефон қолдануға және кеңседен шығуға тыйым салынған. Компания мұның бәрін еңбек өнімділігін арттыру мақсатында жасап отырғанын алға тартады.

Өзгелердің жаңалығы