Кениядан келген желаяқтардан өзге спортшылардан жүлде күту қиын - сарапшы

8 Тамыз 2022, 11:59
1625
Бөлісу:
Кениядан келген желаяқтардан өзге спортшылардан жүлде күту қиын - сарапшы

Олимпиадада ең көп жүлде сарапқа салынатын спорт түрі — жеңіл атлетика. 49 спорт түрінен өткен әлем чемпионатында биыл  12 спортшымыз қана қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, еліміз  жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына 15 рет қатысқан.

1993 жыл.  11 спортшы (9 ер, 2 әйел) 
1995 жыл. 15 спортшы (10 ер, 5 әйел) 
1997 жыл.  14 спортшы (7 ер, 7 әйел) 
1999 жыл. 17 спортшы (8 ер, 9 әйел) 
2001 жыл. 17 спортшы (6 ер, 11 әйел) 
2003 жыл. 17 спортшы (5 ер, 12 әйел)
2005 жыл.  7 спортшы (3 ер, 4 әйел) 
2007 жыл.  15 спортшы (4 ер, 11 әйел) 
2009 жыл. 14 спортшы (6 ер, 8 әйел)
2011 жыл. 14 спортшы (2 ер, 12 әйел) 
2013 жыл. 17 спортшы (7 ер, 10 әйел)
2015 жыл. 12 спортшы (4 ер, 8 әйел)
2017 жыл. 13 спортшы (1 ер, 12 әйел) 
2019 жыл. 8 спортшы (3 ер, 5 әйел)  
2022 жыл. 12 спортшы (2 ер, 10 әйел)

Жекелеген көрсеткіштерді ескермесек, бұл кестеге қарап-ақ елімізде жеңіл  атлетиканың баяу түрде дамып жатқанын көруге болады.  Олимпиадада жүлде әперген қос Ольганың дәуірі біткен соң, Кениядан келген желаяқтардан өзге спортшылардан әлемдік додалардан жүлде күту қиын, - деді спорт сарапшысы Қанат Байұзақов.

Спорт тілшісінің айтуынша, соңғы 3 әлем чемпионатына қатысқан жеңіл атлеттеріміздің тізіміне қарасақ, қатты айырмашылық көрінбейді.

Оны мына мәліметтен көре аласыздар:

2017 жыл. 13 спортшы (1 ер, 12 әйел)

3 қарғып секіру. Ольга Рыпакова — қола жүлдегер.
20 км. Спорттық жүріс. Георгий Шейко  — 36-орын. 
200 метрге жүгіру. Виктория Зябкина — 32-орын. 
Марафон. Елена Наназиашвили — 73-орын. 
Эстафета. 4×100 метр. Рима Кашафутдинова, Виктория Зябкина, Светлана Голендова, Ольга Сафронова — 13-орын. 
20 км. Спорттық жүріс. Диана Айдосова — 47-орын. 
20 км. Спорттық жүріс. Полина Репина  — 50-орын. 
20 км. Спорттық жүріс. Регина Рыкова — 52-орын. 
3 қарғып секіру. Мария Овчинникова— 26-орын.

2019 жыл. 8 спортшы (3 ер, 5 әйел)  

400 метрге жүгіру. Михаил Литвин — 30-орын. 
20 км. Спорттық жүріс. Георгий Шейко  — 19-орын. 
Ядро лақтыру. Иван Иванов — 15-орын. 
100 метрге жүгіру. Ольга Сафронова — 31-орын. 
200 метрге жүгіру. Ольга Сафронова — 25-орын. 
Эстафета. 4×100 метр. Рима Кашафутдинова, Елена Михина, Светлана Голендова, Ольга Сафронова — 12-орын. 
3 қарғып секіру. Ольга Рыпакова — 13-орын.

2022 жыл. 12 спортшы (2 ер, 10 әйел)

3000 метрге кедергімен жүгіру. Нора Жеруто — чемпион. 
400 метрге жүгіру. Михаил Литвин — 9-орын (тарихымыздағы ең жоғарғы көрсеткіш). 
20 км. Спорттық жүріс. Георгий Шейко  — 28-орын. 
35 км. Спорттық жүріс. Георгий Шейко  — 35-орын. 
100 метрге жүгіру. Ольга Сафронова — 41-орын. 
200 метрге жүгіру. Ольга Сафронова — 37-орын. 
5000 метрге жүгіру. Каролин Чепкоеч Кипкируи — 7-орын (тарихымыздағы ең жоғарғы көрсеткіш) 
10 000 метрге жүгіру. Каролин Чепкоеч Кипкируи — 7-орын (тарихымыздағы ең жоғарғы көрсеткіш) 
Марафон. Жанна Мамажанова — 21-орын (тарихымыздағы ең жоғарғы көрсеткіш) 
3000 метрге кедергімен жүгіру. Дэйси Жепкемей — 19-орын. 
20 км. Спорттық жүріс. Галина Якушова — 33-орын. 
35 км. Спорттық жүріс. Галина Якушова — 17-орын (тарихымыздағы ең үздік көрсеткіш) 
35 км. Спорттық жүріс. Полина Репина — дисквалификация. 
Биіктікке секіру. Надежда Дубовицкая — 8-орын. 
Биіктікке секіру.  Кристина Овчинникова— 20-орын. 
3 қарғып секіру. Мария Ефремова — 28-орын.

Қазіргі жеңіл атлеттеріміздің ішіндегі ел рекордың жаңартқандар кімдер?

Михаил Литвин — 400 метрге жүгіруден 2019 жылы жаңартты.

Михаил Литвин, Андрей Соколов, Давид Ефремов, Вячеслав Земс — 4×400 метрге жүгіруден 2019 жылы жаңартты.

Михаил Литвин, Дмитрий Коблов, Элина Михина,  Светлана Голендова — 4×400 метрге жүгіруден 2018 жылы ел рекордын жаңартты.

Георгий Шейко — 10 шақырымға спорттық жүрістен 2008 жылы ел рекордын жаңартты.

Ольга Сафронова — 100 метрге жүгіруден 2016 жылы ел рекордын жаңартты.

Виктория Зябкина — 200 метрге жүгіруден 2016 жылы ел рекордын жаңартты.

Жанна Мамажанова — марафонға жүгіруден 2022 жылы ел рекордын жаңартты.

Галина Якушева — 35 шақырымға спорттық жүрістен 2022 жылы ел рекордын жаңартты. 

Өзгелердің жаңалығы