Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кениядағы наразылық кезінде 11 адам қаза тауып, 567 адам ұсталды

9 Шілде 2025, 03:35
749
Бөлісу:
 REUTERS/Thomas Mukoya
Фото: REUTERS/Thomas Mukoya

Кенияда үкіметке қарсы наразылықтар кезінде кем дегенде 11 адам қаза тауып, 567 адам тұтқындалды, деп хабрлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Полиция наразылықтар кезінде 52 құқық қорғау органының қызметкері мен 11 бейбіт тұрғынның жарақат алғанын нақтылады. Бұған дейін құқық қорғау органдары полиция қызметкерлерінің "зорлық-зомбылық пен арандатушылық жағдайда ерекше ұстамдылық пен кәсібилік танытқанын" мәлімдеген болатын.

Алайда Кенияның адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиясы (KHRC) полицияны наразылық білдірушілерге қарсы шамадан тыс күш қолданды деп айыптады. Ұйым сонымен қатар Найроби, Каджиадо, Накуру, Киамбу және Элдорет қалаларында құқық қорғау органдарының қарулы қылмыстық топтармен ықтимал байланысы бар екенін мәлімдеді.

Наразылықтар елдің 27 округінде 25 маусымда басталған. Бұл толқулар полицияның қатыгез әрекеттеріне қарсы жауап ретінде өрбіді. Мыңдаған адам ел астанасы Найробидің орталық іскери ауданына жиналды. Құқық қорғау органдары шерушілерге қарсы резеңке оқтар, су атқыштар мен кей жерлерде жауынгерлік оқтар қолданған.

Өзгелердің жаңалығы