Кене шаққанда не істеу керек?

13 Мамыр 2022, 16:36
5723
Бөлісу:
Кене шаққанда не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Нағима Шатаева айтып берді. 

Кенелер бірқатар жұқпалы аурулардың қоздырғышы болып табылады. Ең қауіпті ауру – бұл негізінен жүйке жүйесіне әсер ететін кене вирустық энцефалиті. Адамның инфекциясы негізінен кененің шағуы арқылы жүреді. Инкубациялық кезең шаққан сәттен бастап орташа есеппен 7-14 күнге созылады. Ауру жедел басталып: қалтырау; дене қызуының 38-40°C дейін күрт көтерілуі; қатты бас ауруы; жүрек айну; құсу; әлсіздік байқалады, - деп атап өтті ведомство өкілі. 

Оның айтуынша, ауа райының жылынған соң кенелердің белсенділігі арта түседі. Сәуір айынан бастап  қазанға дейін эпидемиялық маусым екені белгілі. Әсіресе кене шабуылдарының ең көп саны көктем мен күзде тіркеледі. 

Кене  шағуы анықталған жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық денсаулық сақтау ұйымына хабарласу қажет. Егер бұл мүмкін болмаса, кенені мақта жіптен немесе  ілмекпен өзіңіз алыңыз. Кенені алып тастағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуып, шаққан жерді құрамында спирт бар затпен залалсыздандыру қажет емдеу керек. Кенені алып тастағаннан кейін профилактикалық ем тағайындау және қысқа мерзімде медициналық бақылау белгілеу үшін инфекционист-дәрігерге немесе терапевт-дәрігерге немесе педиатрға міндетті түрде қаралу қажет, - деді Нағима Шатаева.

Ал кенені алып тастағаннан кейін оны аурудың бар-жоғын тексеру үшін сараптама орталығының зертханасына әкелген жөн дейді мамандар. Өйткені адам инфекция жұқтыруы мүмкін. Алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация екендігін ескертті.

Өзгелердің жаңалығы