Кен орнына түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

8 Қаңтар 2024, 14:57
460
Бөлісу:
Кен орнына түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр
PHOTO
Фото: ТЖМ

Ауыр техниканың көмегімен өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлығы 37 мыңнан астам текше метр топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Жұмыста геосканер қолданылуда. Оның көмегімен 7 қаңтарда 5 метр тереңдікте топырақ астынан автобустың ықтимал орналасу орны анықталды.

Кен орнына түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

8 қаңтарда топырақты қайта сканерлеу жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша іздеу-құтқару жұмыстарының барысына түзету енгізілетін болады.

Оқиға орнына ТЖМ, КӘАҚҚ РОШ, жергілікті атқарушы органдар, «Майқайыңалтын» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен барлығы 139 адам және 47  техника жұмылдырылды.

Кен орнына түсіп кеткен автобусты іздестіру жұмыстары қалай жүріп жатыр

Жазатайым оқиғаның себептерін тергеу мақсатында ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Мұса Танабаевтың төрағалығымен комиссия жұмыс жүргізуде.

Комиссия құрамына Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғұжинов, «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің, еңбек басқармасының, КӘАҚҚ РОШ, кәсіподақ ұйымының басшылары мен мамандары кірді.

Объективті тергеуді ұйымдастыру және жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін төрт сараптама ұйымының өкілдері тартылды.

Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні «Майқайыңалтын» кен орнында үлкен ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус жердің астына түсіп кеткен болатын.

Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Айта кететін жайт кен астына түсіп кеткен адамдарды геологиялық сканермен іздеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы