Кемелбек Ойшыбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

28 Қаңтар 2022, 19:03
1989
Бөлісу:
Кемелбек Ойшыбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кемелбек Ойшыбаев 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, сонымен қатар Geneva Business School (Швейцария) МВА бағдарламасын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған.  Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек етті. 

2015-2016 жылдары «ҚазМедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-да, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде басшылық лауазымдарды атқарды.  

2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары — «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы. 

2020 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
 

Өзгелердің жаңалығы