Келіссөздер тоқтатылды, бірақ соғыс қаупі жоқ – Трамп

Сонымен қатар, ол Ирандағы ішкі саяси жағдайды атап өтіп, ел ішінде билікке қатысты “түсініксіздік бар” екенін айтты.

 AP Photo / Alex Brandon Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
178
Фото: AP Photo / Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізушілердің жоспарланған сапарынан бас тарту Иранға қарсы әскери әрекеттердің қайта басталатынын білдірмейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Axios порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен кәсіпкер Джаред Кушнердің Пәкістанға сапары тоқтатылғаны хабарланған еді. Трамп бұл шешімді сапарға “тым көп уақыт пен күш қажет етеді” деп түсіндірді.

Сонымен қатар, ол Ирандағы ішкі саяси жағдайды атап өтіп, ел ішінде билікке қатысты “түсініксіздік бар” екенін айтты. Президенттің сөзінше, егер Тегеран келіссөз жүргізгісі келсе, байланыс орнатуға болады.

Бұған дейін халықаралық БАҚ АҚШ пен Иран делегациялары арасында Исламабадта келіссөздер өтуі мүмкін екенін хабарлаған. Алайда тараптар ресми түрде мұндай кездесуді растаған жоқ.

Наверх