Келесі жылы Ұлттық қордан алынатын трансферт 1,4 трлн теңгеге азаяды

26 Желтоқсан 2022, 12:26
1164
Бөлісу:
Келесі жылы Ұлттық қордан алынатын трансферт 1,4 трлн теңгеге азаяды

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент Ұлттық қордан трансферттен арылу туралы тапсырма берді. Министр ретінде бұл мәселенің шешімі қалай болатынын айтты. 

Жалпы,  республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген (Ұлттық қордан - ред.) трансферт және басқа да бюджеттер келесі жылы 1,4 трлн теңгеге азаяды. Біздің негізгі мақсатымыз – мұнай емес бюджет тапшылығын төмендету. Сол себептен біз тиісті экономикалық  әртараптандыру, сондай-ақ салық базасын кеңейту сынды міндетіміз бар, - деп атап өтті ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, келесі жылдың бюджетін жасау барысында екі жаңа ереже негізге алынған. 

Биыл республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті екі бюджеттік жаңа ережелер пайдаланылатын болды. Оның негізгі мәні – трансферттердің көлемін шегеріп, республикалық бюджеттің барлық шығыны 10 жылдағы орташа деңгейден аспауы керек. Осындай құралдармен біз тиісті саясатты жүргізетін боламыз. Ұлттық қордан алынатын трансферттер көлемі азаяды, - деді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы