Келесі жылы рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады

20 Тамыз 2024, 13:41
727
Бөлісу:
Келесі жылы рулі оң жақтағы таксилер жұмысын тоқтатады
Фото: Ерболат ЛАҚАЙ -архив

Келесі жылы «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарабаевтың сөзінше, «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді платформадан алып тастамақ.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Яндекс.Такси” мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді алып тастайды. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісім бар, - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Үкімет баспасөз орталығында Көлік министрі Марат Қарабаев ұшақ билетінің бағасына қатысты сұрақтарға жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы