Келесі жылы елімізде педагог тапшы болуы мүмкін - министр

5 Желтоқсан 2023, 11:08
2319
Бөлісу:
Келесі жылы елімізде педагог тапшы болуы мүмкін - министр
Фото: primeminister.kz

Педагогтерге деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше 2023 жылы мұғалімдерге деген қажеттілік - 3 мыңнан астам адам.

Министрлік осы кадр тапшылығы мәселесін жан-жақты зерделеді. Біздің алдағы 4 жылда бітіріп шығатын түлектермен педагогтерге деген сұранысты қамтамасыз етеміз деген болжам бар. Тек келесі жылы ғана педагог тапшылығы туындауы мүмкін. Бірақ біз оны биылғы жылғы бітіруші түлектердің және магистратура түлектерінің есебінен қамтамасыз етеміз. Осылайша біз педагогикалық кадрлардың қажеттілігін толығымен жабатын боламыз, - дейді Саясат Нұрбек.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау аясында педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың стандарты және педагогикалық білімді модернизациялаудың тұжырымдамасы бекітілді.

Жоғары оқу орны оқытушысының стандарты қабылданды. Қазіргі сәтте «Жайлы мектеп» жобасы бойынша педагогтарды даярлау жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы