Келесі аптада Ресеймен бірлесіп, COVID-19-ға қарсы вакцина шығарамыз – Тоқаев

18 Желтоқсан 2020, 17:01
1686
Бөлісу:
Келесі аптада Ресеймен бірлесіп, COVID-19-ға қарсы вакцина шығарамыз – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстанда жақын арада ресейлік және қазақстандық вакциналар өндірісі іске қосылады.  

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында айтты.

Бүгін біздің кездесуіміз бұрын-соңды болмаған пандемияның салдарынан бұрынғыдан да өткір бола түскен әлемдік экономика мен саясаттағы көптеген күрделі проблема аясында өтіп жатыр. Ортақ мүдделер негізінде мен күш-жігерімізді таяу уақытта бірнеше бағытқа жұмылдыруды ұсынамын. Оның біріншісі - коронавируспен күрес, - деді Қазақстан Президенті.

Ол ТМД елдері басшыларының бірінші кезектегі міндеті - өз азаматтарына вирусқа қарсы вакциналарға кең қолжетімділік беру екенін баса айтты.

COVID-19 індетіне байланысты әлемде алғаш болып халыққа вакцина егуді бастаған Ресей Федерациясының жетекші рөлін атап өткім келеді. Қазақстан да өзінің жеке препаратын өндіріп жатыр. Бұл препарат сынақ кезінде жақсы нәтиже көрсетті. Жақын күндері, нақтырақ айтсақ, келесі аптада вакцина шығарамыз. Бұл ретте Ресеймен бірлесетін боламыз. Оның ішінде экспортқа шығару жоспарда бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД Мемлекеті басшылары кеңесіне қатысатынын хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы