Президент бүгін «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.
"Келешек" жүйесінің артықшылықтары:
- ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);
- жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;
- екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кіріс
- жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.
"Келешек" шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып саналатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.
Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуге тиіс.
Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады:
- колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.
- Білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады:
- басқа техникалық және жоғары білім алуға;
- жинақтауды жалғастыруға;
- қаражатты ҚР азаматы болып саналатын үшінші тұлғаға аударуға;
- тұрғын үй алуға пайдалануға;
- білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.