Келер жылға дейін Алматының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді

6 Қыркүйек 2024, 20:25
366
Бөлісу:
Келер жылға дейін  Алматының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді
Фото: Көлік министрлігі

2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандары арқылы өтетін республикалық маңызға ие 145 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Учаскелердің бір бөлігін биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Келер жылға дейін  Алматының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді

Алматы облысына іс-сапар аясында Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев белгілі туристік орындарға, соның ішінде Шарын каньонына, Қайыңды және Көлсай көлдеріне, сондай-ақ, өңірдің шалғай аудандарына апаратын автомобиль жолдарын аралады. Сапар барысында Жалаңаш, Кеген және Нарынқол ауылдары арқылы өтетін жалпы ұзындығы 150 шақырымнан астам учаскелер қаралды.

Келер жылға дейін  Алматының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді

Райымбек ауданындағы Текес және Нарынкөл ауылдары арасындағы 15 шақырымды құрайтын «Кеген – Нарынкөл» республикалық жол учаскесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарына инспекция жүргізілді. Аталған жұмыстар Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыратын ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жоғарыда тілге тиек етілген учаскені биыл жыл соңына дейін ашу межеленген.

Жалпы, осы бағдарламаның шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында 145 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жоспарланған: «Кеген - Нарынқол» жолы — 89 шақырым, «Көкпек - Жалаңаш» жолы — 21 шақырым, «Көкпек – Кеген – Түп» жолы — 35 шақырым.

Келер жылға дейін  Алматының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді

Вице-министр Сәтжан Әйтенұлы туристік нысандар мен шалғайдағы елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсарту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететінін, сонымен қатар, экономикаға және жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы