Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

12 Тамыз 2022, 09:40
4853
Бөлісу:
Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі
PHOTO
Фото: автордан

Қытай үкіметі ауылдарды дамыту саясатын белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тіпті кедей аймақтар табыс тауып, шаруалар кедейліктен құтылуы үшін арнайы бағдарлама енгізген. Нәтижесі жаман емес. Шаруаларда тұрақты жұмыс, ауылда жол, интернет және келетін туристерге жақсы жағдай да бар.

Бүгінгі мақаламызда Шэньси провинциясындағы (Қытай) бірнеше ауылдың үлгісін ұсынуды жөн көрдік.

Лянцзяхэ. «Қытайдың ең әдемі ауылы»

Шэньси провинциясының Яньань округінің Лянцзяхэ ауылы - Қытай білімді жастарының туған жері. ҚХР төрағасы  Си Цзиньпин 1969 жылдан 1975 жылға дейін осы ауылда жұмыс істеп, тұрған.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Алма - Лянцзяхэ ауылындағы жетекші саланың бірі. 2015 жыл Яньань - Яньчуан экспресс жолы толығымен ашылып, ауылдағы туристік индустрияның дамуына серпін берген. 2016 жылы ол «бір ауыл - бір өнім» аясында провинциялық деңгейдегі үлгілі ауыл және «жаңа ауыл құрылысы» аясында муниципалды деңгейдегі пилоттық ауыл ретінде танылды. 2017 жылы ауыл «Қытайдың ең әдемі ауылы» атағына ие болды. 

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

2019 жылы ол Қытайдың дәстүрлі ауылдарының бесінші партиясының тізіміне енгізілді. 2020 жылы ол бүкіл ел бойынша ауылдық туризмді дамытудағы негізгі ауылдардың екінші партиясының бірі ретінде таңдалды. 

Шэньси провинциясының солтүстігіндегі бұл таулы ауыл туристік орынға айналған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, туристер саны өсіп келеді.

Наньгоу ауылы: алма мен шие ағаштары жалға беріледі

Наньгоу ауылының жалпы ауданы 24 шаршы шақырым. Мұнда 1009 тұрғын тұратын 345 үй бар. 

Жергілікті билік өкілдері шетелдік журналистерді ауылдың тарихымен таныстырып, кедейліктен қалай шыққаны туралы айтып берді.

Аудармашы Лью Чжуан (орысша есімі Надежда – авт.) «Елді дамытамыз десек, онда алдымен ауылдарды көтеруіміз керек» деген Си Цзиньпиннің сөзін қытай тілінен аударып берді. Сондай-ақ ол ауылдарды дамыту үшін «Кедейлікті жою» бағдарламасын қабылдағанын айтты.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Уезд бен ауылдың басшылары осы бағдарлама бойынша берілген тапсырмаларды орындау үшін жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күннің өзінде ауылда «үлгілі бақ» құрылып, тұрғындар байып, ауыл күннен күнге көркейіп жатыр, - деді Надежда.

Сонымен қатар баспасөз туры барысында ауылдың байырғы тұрғындарының тарихи суреттері мен оның тарихы туралы да баяндалды.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Бұрын ауылда 1000 адам тұрса, соның 126-сы кедей жағдайда өмір сүрген. Сол уақытта Наньгоу ең кедей ауыл саналған. 2013 жылы қатты нөсер жауын болып, ауылды су шайып кеткен. Кейін билік арнайы мамандарды шақырып, ауылды қайтадан тұрғызған. Сондай-ақ нөсер жауыннан баспанасыз қалғандарға үй салынған. Бұл үйлерді салуға бизнесмендер қаржы бөлген. 

Ауыл инфрақұрылыммен, яғни толығымен электрмен, сумен жабдықталған және тас жол салынған, сондай-ақ ауылда жоғары деңгейдегі медициналық пункт және қауіпсіз тұрғын үйлер бар. 2018 жылы ауылдың бүкіл тұрғыны кедейліктен толығымен құтылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табыс 17 500 юаньға (қазіргі курсқа сәйкес 1 242 500 теңге) жетті.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Наньгоу ауылындағы кедейлікті жою жолында ел үкіметі басшылық құрамын  нығайту, ауыл тұрғындарының ойлау қабілетін өзгерту және жетекші кәсіпорындарды тарту арқылы ұжымдық меншік құқығы жүйесін реформалауды жан-жақты алға тартты. Осылайша қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы мен ауыл туризмін қарқынды дамытты, бұл 2018 жылы барлық тұрғындарды кедейліктен шығаруға мүмкіндік берді. Бұл процесте Наньгоу ауылы үш реформаға негізделген, атап айтқанда: ресурстарды активтерге, капиталды акцияларға, сондай-ақ фермерлерді акционерлерге айналдыру серпінді дамуға қол жеткізді.

Жергілікті тұрғындар бақша шаруашылығымен айналысады. Яғни олар алма бақтарында жұмыс істейді. Ауыл алма мен шие ағаштарын бір жылға жалға беру арқылы да пайда табады. Дәлірек айтқанда, экологиялық таза жеміс ағашын азамат жалға алу үшін шамамен 600 юань (42 мың теңге) төлейді. Кейін піскен жемісін бақ қызметкерлері пошта арқылы жалға алушының мекенжайына жібереді. Ал бір тал алма ағашынан жылына 3-4 қорап алма алуға болады.

Цзянцзяпин ауылындағы шай плантациясы

Цзянцзяпин ауылы Шэньси провинциясының Пинли округінде орналасқан, ауданы 14 шаршы шақырым. Ауылда 377 үй бар, ал ондағы тұрғындар саны 1 193 адам. Мұнда 537 ауыл тұрғыны кедей жағдайда тұрған. Өте кедей ауыл ретінде анықталып, 2019 жылы кедейліктен шықты.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Бұл ауылдағы жетекші сала – шай. Кедейлікпен күрес саласындағы бірқатар саяси іс-шараның арқасында ауылда муниципалды деңгейдегі заманауи шай өнеркәсібінің демонстрациялық бағы («Феникс» шай тауы) салынды, шамамен 183,3 гектар тау шайының бағы ашылды, сонымен қатар 3 шай кәсіпорны, 4 кәсіби кооператив және 2 стандартталған шай өңдеу зауыты құрылды. 

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Сонымен қатар ауқымды шай плантациясы, тыныштық сарайы және Мыңжылдық шай ағашы сияқты жергілікті туристік орындардың арқасында шай туризмінің 8 қонақ үйі дамыды. 

Жергілікті тұрғындардың негізгі табыс көзі - ауылда шай өсіру және одан тыс жерлерде жұмыс істеу. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауылдағы жан басына шаққандағы таза табыс 9 411 юань болды. 2020 жылғы 21 сәуірде үлгілі шай плантациясына инспекциялық сапары кезінде ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин Цзянцзяпин ауылының кедейлікті азайту жөніндегі жұмысына тиісті баға беріп, «жасыл таулар жергілікті ауыл тұрғындарына пайдалы болады, егер олар бірінші болып зиян келтірмесе» және «шай өндірісі уездің өркендеуіне ықпал етеді, бұл аймақтың гүлденуіне мүмкіндік береді» деген маңызды нұсқаулар берді. Бұл кедейлікті жоюға және орташа өмір сүру қоғамын құруға айтарлықтай үлес қосты, - дейді қытайлық Надежда.

Анькан. Хэнкоудағы жұмсақ ойыншықтар

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Жұмсақ ойыншықтар - бұл аймақтағы маңызды саланың бірі. Ойыншықтар өндірісі нөлден бастап дамып жатыр. Қазіргі уақытта аймақта жұмсақ ойыншықтар шығару бойынша 112 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 1 бас кәсіпорын, 29 өндірістік кәсіпорын, шикізат және қосалқы материалдар өндіру, электрондық коммерцияны дамыту, мәдени және шығармашылық өнімдерді әзірлеу бойынша 67 кәсіпорын бар. Олар 2021 жылы 720 млн юань өндіріс көлеміне жетті. 3 378 жұмыс орнын құрылды. Осының арқасында жан басына шаққанда 30 мың юань табыс тауып, 378 тұрғын кедейліктен шықты. 

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Анькан қаласында жұмсақ ойыншықтардың креативті индустриясының бес орталығы, атап айтқанда, мәдени және шығармашылық дизайн, өнімді іске қосу, электрондық коммерцияға қызмет көрсету, шикізат және қосалқы құралдар саудасы және логистикалық орталық жұмыс істейді. 

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

«Цзыюнь Наньцзюнь» қоныс аударушылар ауданы

«Цзыюнь Наньцзюнь» шағын ауданы Цзяньчи кентінде орналасқан. Мұнда қоныс аударушыларға арналып тұрғын үйлер салынған және оларға арнайы жұмыс орындары құрылған.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Қазіргі күні бұл шағын ауданда 692 пәтерде 2 688 адам тұрып жатыр. Оның 1 213-і ауылдың тұрғындары болса, ал тау маңынан және басқа да жақтан келгендер саны 1 475. Қоныс аудару аяқталғаннан кейін 2019 жылғы маусымда ауданда өмір басталды. Шағын ауданда табыстарды тұрақтандыру, халықтың жағдайын жақсарту, жаңа өмірге бейімделу және адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау сияқты қиындықтарды жеңуге бағытталған «үш тірек платформасы» мен «сегіз сервис орталығы» іске қосылды. Бұл жерде әңгіме Тұрғындардың тоқсандық комитеті, Қауымдастық фабрикасы, сондай-ақ Тұрмыстық қызмет көрсету орталығы, Бала күтімі орталығы, Қарт адамдарға күндізгі күтім орталығы, Қолжетімді сауда орталығы және т.б. құру туралы болып отыр, - деді Надежда.

Қазіргі уақытта шағын ауданда аталған орталықтар жұмыс істеп тұр. Мектеп, емхана да бар.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

Аудан тұрғындары электрлік құрылғылар жасаумен, ауыл шаруашылығымен және ағаш жиһаздарды жасап, күндерін көреді. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 3 мың юаньнан басталады.

Зауыттар тұрғындарға жұмыс істеуге ыңғайлы болуы мақсатында аудан маңында салынған. Күндіз қараусыз қалған қарттарға арналған орталық жұмыс істейді. Мұнда пәтерлер шамамен 160 мың юань тұрады. Қоныс аударушыларға мемлекеттен арнайы субсидия қарастырылған. Яғни тұрғындар 10 мың юань ғана төлесе, қалғанын мемлекет немесе жергілікті билік төлейді.

Кедейлікпен күрес. Ауылды дамытудағы Қытай тәжірибесі

21 елден келген 26 журналист Шэньси провинциясындағы ауылдық округтерді аралап, жергілікті тұрғындардың өмір сүру салтымен танысты. Провинцияның өкілдері шетелдік БАҚ өкілдеріне ауылдарды кедейліктен шығару мақсатында жүргізген жұмыстарымен, тәжірибелерімен бөлісті.

Баспасөз туры Сиань қаласында өткен «Бір белдеу, бір жол» медиа ынтымақтастығы форумы аясында ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жэньминь жибао» газеті (People’s Daily) өткізді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан, Армения, Беларусь Республикасы, Латын Америкасы, Оңтүстік Корея, Мысыр, Ресей және басқа да елдер қатысты.

Айта кетейік, Шэньси провинциясы баспасөз турын елдер арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырды. Бұл ретте биыл Қазақстан мен Қытай дипломатиялық байланыстың 30 жылдығын тойлап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы