Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты.
Осы жылдан бастап тауарларға арналған декларацияларды шығару және бақылау бөлігінде кедендік функцияларды орталықтандыру толығымен аяқталды. Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан «Электрондық декларациялау орталығы» мен «Ахуалдық орталық» құрылды, - деді ол.
Министр атағандай, бұл барлық техникалық құралдар қосылған өткізу пункттеріндегі жедел жағдайдың мониторингін жүзеге асыруға және бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Аталған орталықтардың жұмысы басталғаннан бері 28 мыңнан астам бұзушылық анықталды, бюджетке қосымша 23 млрд теңге өндірілді. 5 мыңнан астам тауар позициясы бойынша құндық индикаторлар өзектендірілді, оның ішінде 767-сі Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде біріздендірілген, - деді ол.