Кеден бекеттерінде қолма-қол ақшаны алып кетпек болғандар ұсталды

6 Маусым 2022, 13:16
1305
Бөлісу:
Кеден бекеттерінде қолма-қол ақшаны алып кетпек болғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жібек жолы» және «Атамекен» кеден бекеттерінде Қазақстан, Ресей, Тәжікстан азаматтарына әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, бұл азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолма-қол ақшаны алып кетуге қойылған шектеуді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.          

2022 жылғы 6 маусымда Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында жолаушылар терминалында, қолжүгін «NUCHTECH 100100DV» рентгентелевизиондық құрылғы арқылы  тексеру кезінде, кеден бекетінің қызметкерлерімен Тәжікстан Республикасының азаматынан жолаушылар кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталып, ӘҚБК-нің 545-бабы бойынша іс қозғалды, - делінген хабарламада.

Осыған дейін 2022 жылғы 18 мамырда «Атамекен» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында Қазақстан азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған. Нәтисжесінде кеден бекетінің қызметкерлері ҰҚК шекара қызметкерлерімен бірлесіп өткізу фактісіне тосқауыл қойылды. Бұл факт бойынша ӘҚБтК 545-бабына сәйкес жинақталған әкімшілік іс Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Осыған ұқсас жағдай биыл 20 мамыр күні осы «Атамекен» кеден бекетінде орын алған. Кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде Ресей Федерациясының азаматы өзімен бірге 13 800 АҚШ доллары мен 88 000 теңгені Өзбекстанға алып өту барысында анықталған. Нәтижесінде ӘҚБтК 545-бабымен әкімшілік іс қозғалып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды.

Өзгелердің жаңалығы