«Қазсушардағы» құжат айналымы 100% электрондық форматқа көшірілді

26 Қаңтар 2021, 07:19
1286
Бөлісу:
«Қазсушардағы» құжат айналымы 100% электрондық форматқа көшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РМК мен оның өңірлік филиалдарында бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында «Documentolog» электрондық құжат айналымы жүйесі енгізілді. 

Нәтижесінде барлық қағаз құжат айналымы цифрлық форматқа көшірілді.

Бұл шығыс және кіріс хаттарды цифрландыруға, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен интеграцияны жүргізуге, орталық аппарат пен филиалдар арасында электрондық құжат айналымын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда электронды құжат айналымы жүйесіне орталық аппарат пен филиалдардың 115 пайдаланушысы қосылған. Бұл жүйені енгізу жедел құжат айналымына пайдаланушылар жұмысының тиімділігін, жылдамдығы мен сапасын едәуір арттыруға, сондай-ақ орындаушылық тәртіпке бақылауды енгізуге ықпал етті. Осылайша, ұйымда қағаз құжат айналымы алынып тасталды, ал мемлекеттік органдармен хат-хабар алмасу «Documentolog» ЭҚЖ-ны МО ЭҚАБЖ жүйесімен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады, - делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Ұйымның бизнес-процестерінің тиімділігін арттырудың келесі сатысы «Documentolog» жүйесін кезең-кезеңімен енгізу көзделген кәсіпорынның филиалдарын ЭҚЖ-ға қосу болады.

«Қазсушар» РМК-ны ЭҚЖ функционалы бар акционерлік қоғамға трансформациялау шеңберінде кадрлық және қаржылық құжат айналымын енгізуді кеңейту жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы