Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда елімізде ғарыш саласы екпінді түрде дамуға бет алған. Сондай жетістікке жеткен «Ghalam» компаниясы. Кәсіпорынның жоғары техникалық мүмкіндіктерімен танысу және жетістіктері туралы Ghalam-ның конструкторлық бюросының жетекші констрктуры Берік Жұмажановпен сұхбаттасқан едік.
– «Ghalam» туралы айтсаңыз?
– «Ghalam» 2010 жылы Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорны ретінде құрылды. Үлескерлері – «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы, Аэроғарыш комитеті және «Airbus Defense&Space» француз компаниясы. Біздің негізгі мақсатымыз – ғарыш саласында отандық өнім өндіру. Сондай мақсатпен жуырда ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау кешені мен ғарыш техникасын жобалаумен айналысатын конструкторлық бюро құрылды. Соңғы технологияларға сәйкес жабдықталған өндірістік цехтар ашылды. Компанияның негізгі құндылығы – әрине, кадрлар. Ғаламның инженерлерінің басым бөлігі еуропалық жетекші компанияларда тәжірибе жинаған азаматтар. Олар құрастыру кешенін толығымен жабдықтап, қазір оны қабылдау процедураларынан өткізуде. Сондай-ақ KazSTSat ғылыми технологиялық ғарыш жүйесін жобалап, құрып, ұшырып жұмыстарын жүргізеді. Онымен қоса өндірістік цехтерде ғарыш аппараттарына арналған көпқабатты термоизляция, кабельдік өнім, механикалық құрылғылар да жасалуда.
– Компания осыдан үш жыл бұрын KazSTSat ғарыш аппаратын әуеге ұшырды. Қазіргі таңда отандық аппарат қалай жұмыс істеп тұр?
– 2018 жылы «Ghalam» инженерлері Ұлыбританиялық SSTL компаниясының мамандарымен бірігіп әзірлеген KazSTSat ғарыш аппараты орбитаға ұшырылды. Ол кездегі ғарыш аппаратының негізгі миссиясы технологиялық еді: Отандық инженерлер әзірлеген құрылғыларды, тәсілдерді, бағдарламалық жасақтаманы ғарыш жағдайына төзімді екені дәлелдену қажет болды. Жоба барысында бірнеше отандық технология әзірленді: Борттық компьютер, оптикалық жүйе, күн датчигі, ғарыш аппартын басқару орталығы, сонымен қатар жаңа тәсілдер мен бағадарламалар. Қазіргі таңда ғарыш аппараты орбитаға ұшырылғанына үш жылдан асып отыр. Барлық технологиялық өз мүмкіншіліктерін толық көрсетті . Және аппараттың жүйелері ойдағыдай қызмет етуде. Осы жер серігін жасаған уақыттағы тәсіл, тәжірибе біздің жас мамандардың жеңісі деп есептеймін!
– Қандай елдермен байланыс жасайсыздар? Және ғарыш құрылғыларын басқару процесі қалай жүреді?
– Компанияның үлескері француз компаниясы, ал KazSTSat жобасын бірге жүргізген британдық кәсіпорын болғандықтан, негізгі байланыстар осы екі елмен десек болады. Әрине біз басқа ғарыш саласында жұмыс істейтін мекелермен, оқу орындарымен де байланыстамыз. Айтайық, жақында Самара Аэроғарыштық университетімен келісім жасадық.
Құрал жабдықта әлемдегі жетекші өндірушілерден аламыз. Тұрақты, тек осылардан аламыз дейтін компания жоқ. Әр жабдықты кімнен алуын тиістігін жеке қарастырамыз. Өзіміздің құзіретіміз жеткілікті кезде, құралдарды өзіміз жобалап, әзірлейміз. Орбитада ұшып жүрген жерді қашықтан зондтау қазақстандық ғарыш аппараттарының пайдалану уақыты аяқталып келеді. Уақыт өте келе келешекте ол аппараттың құрылғыларын алмастыру жоспарлануда. Сол ғарыш аппараттарды жасауда жетекші рольды Ghalam атқарады күтілуде.
Ғарыш аппараттары басқару орталығынан басқарылады. KazSTSat жобасы шеңберінде Ghalam инженерлері өздері әзірлеген технологиялар бойынша Ұлттық ғарыш орталығында басқару орталығын жабдықтап, оның көптеген процесстерін автоматизациялады.
– Жалпы ғарыш саласында еліміздің келешегі қандай ?
– Қазірдің өзінде біздің компания шетелдік компаиялардың тапсырысымен ғарыш аппараттарының бөлшектерін жасайды. Жаңа құрылғылар ойлап табу бойынша ғылыми эксперименттік, конструкторлық зерттеулер жүргізілуде. Осы жылы ғарыш аппараттарын құрастыру сынау кешені іске қосылады деген мақсат бар. Осы кешенде отандық ғарыш құрылғыларын құрастырып, кейіннен шетелдік тапсырыстармен де жұмыс істейміз деп ойлаймыз.
– Соңғы жылдарда қандай жетістіктерге қол жеткіздігіңіздер?
KazSTSat ғарыш аппараты – Ghalam инженерлері жобаның барлық кезеңдерңнде белсенді қатысып, осы спутникке өздері әзірлеген отандық технологияларды оранатып, орбитаға сәтті ұшырды, жердегі және орбитадағы барлық сынақтардан өткізді, үш жылдан астам уақыт пайдалануда. Ғарыш аппаратын басқару орталығы – толығымен Ghalam инженерлері жобалап, әзірлеген. Көптеген процесстерін автоматизациялады. Осы орталықтан KazSTSat ғарыш аппаратын басқаруда. Басында технологиялық мақсатта жасалған KazSTSat аппаратынан алынған среттердің сапасы өте жоғары болып, ол среттерге шетелдік компаняилар коммерциялық тапсырыстар беруде. Орта Азияда теңдесі жоқ Ғарыш аппараттарын Құрастыру және сынау кешені: саламағы алты тоннаға дейінгі аппараттарды құрастыру әне сынау бойынша жұмыстардың толық циклын атқаруға қабілетті кешен.
– Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!