Қазір сізді бүкіл ел тыңдап отыр. Нығматулин министрдің сөзін түзетті

9 Желтоқсан 2020, 13:04
4978
Бөлісу:
Қазір сізді бүкіл ел тыңдап отыр. Нығматулин министрдің сөзін түзетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Дене шынықтыру және спорт мәселелері туралы заң жобасы қаралған болатын. 

Талқылау кезінде депутаттар заң жобасын таныстыруға келген министрден Мемлекет басшысының кәсіби спорт клубын қаржыландыруды азайту туралы тапсырмасы қалай болып жатқанын сұрады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, кәсіби спортқа бөлінген қаржы ресурстарын қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге талдау жұмыстарын жүргізді. Елімізде 98 кәсіби спорт клубы бар. Бұл клубтар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Олардың кейбіреулері ұлттық компаниялардың, бұйрыққа сәйкес, бұл кәсіби спортқа бөлінген қаржы ресурстарын қайта бағыттау сияқты болды. Біздің министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірге талдау жұмыстарын жүргізді. Білесіз бе, біздің елде 98 кәсіби клуб бар. Бұл клубтар жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Олардың кейбіреуі ұлттық компаниялардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің демеушілік ақшаларына ие, - деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Оның айтуынша, талдаудан кейін бірыңғай тарифтік саясат қағидасы бойынша осы клубтардың қызмет көрсету деңгейін мүмкіндігінше төмендету туралы бірнеше ұсыныс жасалған.

Ойын түрлері бойынша және жекелеген спорт түрлері бойынша құрылған барлық кәсіби спорт клубтарына бірыңғай тарифтік сетка құрылады. Сонымен қатар спортшылар, бапкерлер және клубта жұмыс істейтін басқа да қызметкерлердің жалақысына байланысты сетка құру жоспарда бар, - министр.

Осы кезде сөзге Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин араласып, министрге сұрақ қойды:

Спорт клубтарына ақша кемінде екі көзден бөлінетіні рас. Яғни жергілікті және республикалық бюджеттен. Осы салаға жауапты министр ретінде еліміз бойынша кәсіпқой спортқа қанша теңге жұмсалып отырғанын айтып беріңізші? - деді Нұрлан Нығматулин.

Бірақ Ақтоты Райымқұлова кәсіпқой спорт клубтарына республикалық бюджеттен ақша бөлінбейді деп отыр. Оның айтуынша, тек жергілікті бюджет және демеушілердің қаржысы екен. 

Алайда Мәжіліс спикері министрдің бұл сөзін жоққа шығарды.

Ақтоты Рахметоллақызы (министр Райымқұлова - тілші), квазимемлекеттік сектордың ақшасын демеушілікпен шатастырмаңыз. Бұл - демеушілердің ақшасы емес, мемлекеттің ақшасы. Енді айтыңыз, қазір сізді бүкіл ел тыңдап отыр. Республика бойынша бүгінде мемлекеттік, жергілікті бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан кәсіпқой спортқа қанша теңге бөлінеді? - деді Мәжіліс төрағасы.

Министр бүгінде кәсіби клубтардың бюджеті 55,5 миллиард теңгені құрайтынын айтты.

Талдау нәтижесінде аталған ойын клубтарының жылдық қаржыландыруы екі есеге дейін төмендетіледі. Қазір біздің ұсыныс Үкіметте жатыр. Қысқарту нәтижесінде 22,2 миллиард теңге бұқаралық спортты дамытуға жұмсалады. Бұған қоса жергілікті атқарушы органдар бұқаралық спортқа 14,7 миллиард теңге бөлген, - деді Ақтоты Райымқұлова.



Өзгелердің жаңалығы