Қазір эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанды – Мамин

27 Сәуір 2021, 09:47
1689
Бөлісу:
Қазір эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанды – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты. 

Қазір эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанды. Вирустың репродуктивтілік индексі 1-ге төмендеді. Ауруханалардағы орындар 41 пайызға, жансақтау бөліміндегі орындар жүктілігі 28 пайызға дейін азайды. Сондықтан бүгінгі ең маңызды міндет азаматтарды вакцинациямен жаппай қамту болып табылады. Сәуір айында халықтың 20 пайызы вакцинациядан өтуі тиіс, - деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, вакцинациялау жоспары мен өңірлерге жеткізуді кесте бойынша орындау керек. 

Маска тағу, қашықтықты сақтау, адамдардың ауруына жол бермеу бойынша шараларды қатаң сақтану керек. Кешеден бастап Ashyq қосымшасы барлық өңірде іске кірісті. Атап айтқанда, кинотеатрлар мен театрларда тиімді іске асуда. Енді қосымша аясында фитнес-орталықтар, көрмелер, мейрамханалар мен кафелер ашылуға дайын. Қазіргі таңда қосымшаны пайдалану бизнеске жұмыс істеуге мүмкіндік береді, - деді Мамин.

Премьер-министр осы шараларға бақылау жүргізуді өзінің орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы