ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырынған қойманы анықтады

28 Қазан 2021, 12:14
2377
Бөлісу:
ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырынған қойманы анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚАЖ қызметкерлері қару-жарақ жасырынған қойманы анықтады, деп хабарлады Polisia.kz. 

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері қару жарақ жасырынған жерді анықтап, Семей қаласының Полиция ​басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел жұмыс жүргізді. Жұмыс жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха тас жолында Макарова қаруы жасырылған қойма табылды. 

Семей-Ресей шекарасы автокөлік тас жолының 2 шақырымында орналасқан аумақты тексеру барысында 9 мм Макарова тапаншасы мен 7 дана оқ табылды. Сонымен қатар, кейстен гранатаға ұқсайтын бір дана көлемінде металл зат шығарылды. 

Тәркіленген заттардың барлығы 37 жастағы Семей қаласының тұрғынына​ тиесілі екені анықталды.

Семей қаласының ДП қызметкерлерімен бірлесе отырып, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында нәтижелі әрі уақытылы жұмыс атқарылды, – деді жедел бөлім бастығының орынбасары Жеңіс Дауренбеков. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабының ​ 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Өзгелердің жаңалығы