Қазақстанның үздік пікірсайысшылары анықталды

6 Желтоқсан 2021, 14:14
1920
Бөлісу:
Қазақстанның үздік пікірсайысшылары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-5 желтоқсан күндері елордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Тұңғыш Президент күніне арналған Ұлттық дебат турнирінің финалы өтті.

Турнирге еліміздің аймақтары мен республикалық маңызы бар қалаларында 1-23 қараша аралығында өткен іріктеу кезеңдерінің 80 жеңімпазы қатысты.

Турнир барысында қатысушылар уақыт кеңістігі форматын пайдаланып, өткенге ой жүгіртіп, сол кездегі кейіпкерлердің атынан өнер көрсетті. Пікірсайысшылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, креативті экономиканы қаржыландыру, қоғамдағы масылдық проблемаларын шешу, ядролық қарусыздану сияқты өзекті тақырыптарды көтерді, патриотизмнің жаңа тұжырымдамасын және т.б. ұсынды, - делінген Ұлттық пікірсайыс федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Финалда 2 000 000 теңге жүлде қоры үшін қазақ лигасында «2002» (Алматы облысы) және «2001» (Ақтөбе облысы) командалары және орыс лигасында «2013» (Нұр-Сұлтан қаласы) және «2004» (Түркістан облысы) командалары бақ сынасты.

Қазақстанның үздік пікірсайысшылары анықталды

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасының жеңімпаздары :

1 орын – Алматы облысы «2002» фракциясы (Арынов Азамат, Әшим Мадина);

2 орын – Ақтөбе облысы «2001» фракциясы (Мырзатай Жансерик, Кәрімов Дамир);

3 орын – Алматы қаласы «2000» фракциясы (Абдукаримова Арайлым, Жәкен Нұрхан);

Орыс лигасында жеңімпаздары:

1 орын – Нұр-Сұлтан қаласы «2013» фракциясы Дмитрий Беседин, Артем Давыдов);

2 орын – Түркістан облысы «2004» фракциясы (Ролан Мухитжан, Диас Сайфула);

3 орын – Маңғыстау облысы «2009» фракциясы (Нурлан Муратбек, Богенбай Долдинов) атанды.

Елбасы академиясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай өз сөзінде, қазіргі жастар – еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің нағыз көрсеткіші екенін атап өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бұл жай ғана дата емес, осы жылдар ішінде прогрессивті ойлайтын, білімді жастардың тұтас буыны қалыптасты. Тұрақты даму үшін өз тарихымызды білу және есте сақтау маңызды. Бүгінгі Ұлттық пікірсайыс турнирі біздің дұрыс жолмен келе жатқанымыздың тағы бір дәлелі, - деді ол.

Ұлттық пікірсайыс федерациясының президенті Болат Бұхарбай да өз ойын ортаға салды.

Біз осы тарихи маңызы бар оқиғаға айрықша басымдықпен қарап, жас ұрпақты қолдай отырып, прогрестің қозғаушысы болатын жаңа мамандарды даярлаудамыз, - деді Болат Бұхарбай.

Сондай-ақ турнир барысында үздік спикерлер анықталды. Қазақ лигасында Алматы қаласының пікірсайысшысы Абдукаримова Арайлым, орыс лигасынан Нұр-Сұлтан қаласының пікірсайысшысы Артем Давыдов үздік спикер атанды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық турнир Елбасы академиясының бастамасымен Ұлттық пікірсайыс федерациясы ұйымдастырды. Турнир М. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-де өтті.



Өзгелердің жаңалығы