Қазақстанның Құрлық әскерлерінде техниканың қысқа дайындығы аяқталды

23 Қараша 2021, 21:03
1097
Бөлісу:
Қазақстанның Құрлық әскерлерінде техниканың қысқа дайындығы аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлық әскерлерінің мамандары он мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техниканы тексеріп, оларды төменгі температурада жұмыс істеуге дайындады. Бір ай ішінде техника қысқа дайындалды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы және Қарулы Күштердің Тыл және қару-жарақ басқармасының комиссиялары атқарылған жұмыстардың сапасын тексеруі қару-жарақ пен әскери техниканың қыста пайдалану режиміне дайындаудың соңғы кезеңі болды.

Қазақстанның Құрлық әскерлерінде техниканың қысқа дайындығы аяқталды

Әрбір құрама мен әскери бөлім 12 ұпайлық жүйемен бағаланды. Барлық жүйелердің, тораптардың және агрегаттардың жұмыс қабілеті тексерілді. Қызмет көрсетудің толықтығы мен сапасына, жанармай  жүйесін тазалауға, қару-жарақ пен әскери техниканың жанармай жүйесінің сүзгіш элементтерін ауыстыруға ерекше назар аударылды.

Қару-жарақ пен техниканың түріне қарай Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері әр штаттық бірліктегі 50-дей техниканы қарап-тексерді. Бұл бөлімшелердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдауға бағытталған ауқымды жүйелі жұмыс, – деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары генерал-майор Александр Аширов.

Тексеру қорытындысы бойынша өңірлік қолбасшылықтар мен тікелей бағынысты бөлімдердегі қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп-ұстауға және оларды қысқы жағдайларда пайдалануға қойылатын талаптарды үздік орындаған бөлімшелер айқындалды.








Өзгелердің жаңалығы