Қазақстанның Чехияға экспорты 654,8 млн долларға дейін жетеді

2 Сәуір 2021, 21:21
1751
Бөлісу:
Қазақстанның Чехияға экспорты 654,8 млн долларға дейін жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 1 сәуірде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (QazTrade) Қазақстан-Чех сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелері бойынша вебинар өткізді.

Вебинарға Қазақстандағы CzechTrade өкілі Юрик Петр, Чех Республикасындағы сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші-уәкіл Б.Б. Канешев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы М. Б. Юсупов, Сауда және интеграция, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» АҚ және QazTrade қызметкерлері қатысты.

Кездесудің мақсаты Қазақстан мен Чех Республикасының ынтымақтастығын одан әрі дамыту пайымын қалыптастыру болды. Қазақстан Чех Республикасын маңызды хаб, Шығыс және Орталық Еуропа нарықтарына шығу жолы ретінде қабылдайды. Бұл ұстанымды белсенді жұмыс істеп жатқан Қазақстан-Чехия үкіметаралық комиссиясы да растайды.

Covid-19 пандемиясына байланысты 2020 жылы сауда көрсеткіштерінің төмендеуіне қарамастан, QazTrade бағалауы бойынша Чехия Республикасына шикізаттық емес экспортты арттырудың жалпы әлеуеті 654,8 млн АҚШ долларды құрады. Онда ауыл шаруашылығы саласында - 28,4 млн АҚШ доллар және өнеркәсіпте - 626,4 млн АҚШ доллар. Шикізаттық емес өнімнің сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайту мақсатында Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушыларды ынталандыру шараларын көздеп отыр, сынамалық өнімді қарсы әріптестерге жіберу кезінде компанияларға жәрдемдесу мәселесі пысықталуда, - делінген хабарламада.

Жеткізу нарықтарын кеңейту және қазақстандық өнім экспортының көлемін ұлғайту - СИМ мен QazTrade-нің басым міндеті.

QazTrade-де өнімдері Қытай мен ЕАЭО нарықтарында сұранысқа ие экспорттаушылар пулы дайындалды. Осылайша экспорттық акселерация бағдарламасын іске асырудың арқасында тамақ өнеркәсібі саласындағы 35 компания Еуропа нарығына май, тұз, бал, макарон және ұн өнімдерін жеткізуге дайын. Бал өндіруші «Лепсинск Өнімі» ЖШС өнімді ЕО стандарттары бойынша сертификаттаудан өтті. Сонымен қатар ең жоғары сапа стандарттары бойынша дайындалған құрғақ бие мен түйе сүті жоғары сұранысқа ие, - делінген хабарламада.

Халықаралық Alibaba.com электрондық сауда алаңдарына шығару бағдарламасы аясында қазақстандық өнімнің 4000-ға жуық атауы ұсынылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Чехияда ынтымақтастық әлеуеті жоғары бірқатар бағыт бар. Мәселен экологиялық заңнаманы ауқымды қайта қарау міндеттерінің бір бөлігі ретінде. Жаңа экологиялық кодекстің қабылдануына байланысты Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласы белсенді дамып келеді. Чех Республикасы транзиттік экономикадан еуропалық стандарттарға сәйкес келетін экономикаға бет алды және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша технологияларды енгізу және өнеркәсіпте заманауи жасыл қағидаттарға көшу тәжірибесімен бөлісе алады. Екі ел ЖЭК саласында бірлескен жобаларды іске асыра алады.

Чехиялық білім беру мекемелері мен авиациялық база базасында қазақстандық ұшқыштарды оқыту және сертификаттау жүргізілуі мүмкін.

Ұлттық агенттіктер Чех инвесторларын машина жасау және жер қойнауын пайдалану саласына тарту бойынша жұмыс жүргізуде. Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшілігі Қазақстанның өнеркәсіптік салаларының инвестициялық әлеуеті туралы ақпараттық материалдарды тарату үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуге, сондай-ақ қазақстандық шикізаттық емес тауарды Чех нарығына ілгерілетуге жәрдем көрсетуге дайын.

Өзгелердің жаңалығы