Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

2 Қараша 2021, 08:20
1135
Бөлісу:
Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Жауын-шашынның соңы қарға ұласып, екпінді жел тұрып, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын болады. 

3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады. 

Суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыста түнгі температура 5...15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста 10...20 аязға дейін, оңтүстікте 3...13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста 7-16 аязға дейін төмендейді. 

Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.
Өзгелердің жаңалығы