Қазақстанның басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ – ИИДМ

8 Қараша 2020, 20:20
1738
Бөлісу:
Қазақстанның басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ – ИИДМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды StopFake.kz.

Кейбір интернет-сайттарда және әлеуметтік желілерде Қазақстан Әзербайжанға қару-жарақ жеткізе бастағаны туралы хабарлама пайда болды. Бұл жалған ақпарат.  ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұл хабарды ресми түрде жоққа шығарды.

Қазақстан елдің әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндеттемелерін ұстанады және басқа елдерге қару-жарақ жеткізу ниеті жоқ. Мақалада көрсетілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және ешқандай негіз жоқ, - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Министрлік мұндай негізсіз мәліметтерге сенбеу керегін еске салды. Тек ресми ақпарат көздерін басшылыққа алу керек.

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, Silk Way West Airlines авиакомпаниясы 2020 жылғы 2-3 қараша аралығында Нұр-Сұлтан мен Баку қалалары арасында рейстердің болмағанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы